ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭПИДЕМИЯЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Қызылорда облысында ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялогиялық жағдайы тұрақты. Өткен 2015 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға төмен. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова хабарлады.
Бас дәрігердің мәліметінше, өткен жылдағыдай облыс көлемінде кеңінен таралған аурулар тұмау және басқа да жедел респираторлы вирусты инфекциялар.
- Эпидемиялық маусымда халық арасында «шошқа тұмауы» аталып кеткен H1N1 вирусымен адам өлімі тіркелген жоқ, - деді А.Мұхамбетова.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Қайрат Мырзахметовтың хабарлауынша, халық арасында, әсіресе тұмау ауруына бейімді топтардың арасында насихат жүргізу мақсатында қаңтар айының 12 мен 26 аралығында орталықтың ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Қазіргі таңда ақпараттандыру жұмыстарымен 59 мектеп, 56 шағын орталық, 11 оқу орындары қамтылды.
Шынар БЕКБАН