ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ 2015 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2015 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясын өткізді.
2015 жылдың 12 айында 43 адамға қатысты 26 қылмыстық іс түсіп, 5 қылмыстық іс 6 адамға өткен есептік мерзімнен қалдықта болған (2014 жылдың 12 айында – 37 қылмыстық іс түсіп, 1 қылмыстық іс өткен есептік мерзімнен қалдықта болған). Яғни, өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы сотқа түскен істердің саны 11 іске азайған.
Сот өндірісіне түскен істердің санаттары мынадай:
- ҚК-нің 96 бабы (ескі кодекс), 99-бабы (жаңа кодекс) (адам өлтіру)– 11 іс, оның ішінде ҚК-нің (96) 99-бабының 2-бөлігімен - 6 іс (2014 жылы - ҚК-нің 96-бабымен -20 іс, оның ішінде ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігімен – 10 іс);
- ҚК-нің 259-бабының 3-бөлігі (ескі кодекс), 297-бабының 3 бөлігі (жаңа кодекс) (есірткі заттарға байланысты қылмыстар) - 9 іс (2014 ж. - 7 іс).
- ҚК-нің 120-бабының 3, 4-бөлігі (көрінеу он төрт жасқа толмаған адамды зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау) – 5 іс (2014 жылы – 8 іс);
- ҚК-нің 121-бабының 3, 4-бөлігі (нәсіпқұмарлық сипатындағы күш қолдану) – 4 іс (2014 ж. – 3);
2015 жылдың 12 айы ішінде 29 қылмыстық істі жүргізу аяқталды (2014 жылы – 33 іс).
Осы мерзімде 29 іс 39 адамға үкім қабылдау арқылы қаралған (2014 ж. – 33 іс 66 адамға).
Яғни, өткен жылдың тектес кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 12 айында қаралған істердің көрсеткіші 4 іске азайған.
Есептік мерзімнің соңына 2 қылмыстық іс қалдыққа қалған (2014 ж -5).
2015 жылдың 12 айында процессуалдық мерзімдері бұзылып қаралған және сотқа түскен күннен бастап 6 айдан астам қаралған істер орын алмаған.
Көрсетілген мерзім ішінде 39 адам сотталды (2014 ж. - 65 адам). Сотталған 39 адамның 37-не бас бостандығынан айыру жазасы (94,8 пайыз) және 1 адам бас бостандығынан шектеу жазасы қолданылды.
Жәбірленушімен татуласуына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сай 1 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылды, қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды.
21 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 9 сотталушыға нашақорлықтан, 3 сотталушыға маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. 6 сотталушыға педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айыру жаза тағайындалды, 1 сотталушы ішкі істер органының майоры атағынан айырылды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты 2 іс қаралды. ( 2014 жылы – 3). Олар көрінеу он төрт жасқа толмаған адамды зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау санатындағы істер. Екі іс бойынша да айыптау үкімі қабылданды. Педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан 2 жылға айыра отырып, біреуі – 5 жылға, екінші - 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазаларын жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеу белгіленді.
Есептік мерзім ішінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер қаралмады. (2014 -0)
Есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты 9 іс 16 адамға үкім қабылдау арқылы қаралды (2014 ж.- 5 іс 8 адамға).
Сотталған 16 адамның барлығына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, мүлкілері тәркіленді, 9 сотталушыға жаза өтеу орнында нашақорлықтан, 1 сотталушы маскүнемдіктен емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Оның ішінде 1 әйел сотталушыға ҚР ҚК-нің 74 бабының 1 бөлігі қолданып, жазасын өтеуі 5 (бес) жылға дейін кәмелетке толмаған баласы он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылды.
Алқабилердің қатысуымен 1 іс қаралды. (2014 ж. - 1)
Бұл іс бойынша сотталушы ҚК-тің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіруге оқталу) кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу деп белгіленді. (2014 жылдың 12 айында – 1 іс 3 адамға айыптау үкімі қабылдау арқылы қаралды).
Есептік мерзімде өндіріспен аяқталған істер бойынша 11 жеке қаулы қабылданды (2014 жылдың 12 айында - 4). Оның ішінде - 8 жеке қаулы тергеу әрекеттері жүргізілу кезінде орын алған кемшіліктер туралы, 2 жеке қаулы аудандық ішкі істер бөлім басшыларының назарына, 1 жеке қаулы куәлар Б.Садырбаева мен Д.Абдраманованың кәмелетке толмаған сотталушының аса ауыр қылмысқа оқталып, ақырына жеткізбеуіне жолын кесуге жәрдемдескендеріне байланысты, олардың жоғары саналығын, ерлігін ескеріп, еңбек ұжымының аудандық білім бөлімінің басшысына оларды марапаттау туралы.
Қаралған істер бойынша апелляциялық тәртіппен 29 үкім 46 адамға қаралып, өзгеріссіз қалдырылған (2014 жылдың 12 айында 26 үкім 33 адамға қаралып, өзгеріссіз қалдырылды).
Кассациялық тәртіпте 35 үкім 41 адамға қаралып, 1 үкім өзгертілді. (2014 жылдың 12 айында - 29 үкім 29 адамға қаралып, соның ішінде 3 адамға үкім өзгертілді).
Осы мерзімде қадағалау тәртібімен сот үкімдері бұзылған, өзгертілген жоқ.
Барлық қаралған сот процестері бейнежазбалармен жүргізілген және жазба жасалған CD-дискілер іс құжаттарына тіркеліп, сақталуда.
Осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, есірткі заттарды заңсыз сақтап, сатқан; бірнеше адамдарды өлтіруге бағытталған; адам өлтіру; зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасаған жөнінде қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек Болатбекұлы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі