«ДИПЛОММЕН - АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫНА АЗ-КЕМ ӨЗГЕРІС ЕНДІ
«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша биыл Қызылордада 35 маманға көтерме жәрдемақы үшін 5 млн. 196 мың теңге, 8 маманға тұрғын үй салуға немесе сатып алуға 25 млн. 452 мың теңге бөлінді. Бұл туралы республикалық «Халық» газетіне қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Жүсіпбек Әжібековке хабарлады.
Бағдарлама Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Оған биыл аз-кем өзгеріс енді. Бұған дейін бір реттік көтерме жәрдемақы 70 айлық есептік көрсеткіш болса, биыл 1 маманға 148470 теңге беріледі. Үй сатып алуға берілетін бюджеттік несие 1500 айлық есептік көрсеткіштен 3 181 500 теңгеге жетіп отыр.
- Баспана сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие 15 жылға беріледі. Несие бойынша сыйақы ставкасы несие сомасының жылдық 0,01 пайызы мөлшерінде белгіленеді, - дейді Жүсіпбек Әжібеков.

Комментарии 6