СЫРБОЙЫЛЫҚТАР КЕЗЕКТЕН ТЫС ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ САЙЛАУЫН ҚОЛДАЙДЫ
Елбасының жарлығын қолдап, саяси науқанға атсалысуға сырбойылықтар дайын екендіктерін білдірді. Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен облыс активінің отырысы өтті, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
- Себебі дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру қоғамдық бірігуді қажет етеді, тек бірлік пен үйлесім ғана жаңа экономикалық соққыларға төтеп берері сөзсіз. Елдің тағдыры үшін маңызды бұл саяси науқанда барлығымыз бір кісідей белсенділік танытайық, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Қазіргі кезде, әлемде жаһандық бейберекетсіздік белең алып тұрғаны баршамызға белгілі. Халықаралық қаржы, экономикалық дағдарыстың құрылымдық сипаты да бар. Империалистік әлемдегі сілкіністер жаһандық экономиканың сипатына да, халықаралық қатынастарға да өз әсерін тигізуде. Осыған сәйкес, барлық қабылданған Ұлттық жоспарлар мен бағдарламалар елде тұрақтылық пен тұрақты дамуды көздейді.
- Мәжілістің V шақырылымындағы әріптестерім еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін аз еңбек еткен жоқ. Маңызды шешімдер мен Заңдар қабылданды. Ал ендігі жаңа құрамнан халық тың өзгерістер күтетіні анық. Мен әрқашан жерлестеріме арқа сүйедім. Сыр бойынан сайланған депутат ретінде осындағы азаматтармен біраз жұмыс атқардық. Баршаңызға алғысым шексіз, - деді V сайланымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда қоғамда «Қоғамдық кеңес» ұғымы пайда болды. Үстіміздегі жылғы 1 қаңтардан бастап «Қоғамдық кеңестер туралы» арнайы Заң да қолданысқа енгізілді. Елбасы тапсырмасына сәйкес, «Қоғамдық кеңестер» институтының енгізілуі тек мемлекеттік органдармен қабылданатын шешімдердің айқындылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғам мен биліктің үнемі байланысының нәтижесінде азаматтық қоғамды дамытудағы факторлардың бірі ретінде қарастыруды көздейді. Бұған дейін Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясындағы сөзінде жергілікті жерде қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын белсендіруді тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес, барлық әкімдіктер жанында аталмыш кеңестер жұмысы үйлестірілді.
- Қазіргідей уақытша экономикалық қиын кезеңде елге жол көрсететін, халықты тығырықтан алып шығатын Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін Парламенттің болғаны абзал. Сондықтан осы елдің азаматы ретінде, қоғамдық ұйымның төрағасы ретінде де мен Мәжіліс сайлауын өткізуді қолдаймын, - дейді Нағи Ілиясов ауылы бойынша қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы.