ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТІ 38 МЛРД. 981 МЛН. ТЕҢГЕ БОЛДЫ
2015 жылы Қызылорда қаласының бюджеті 38 млрд. 981 млн. теңгені құрады. Бұл 2014 жылғыдан 90,3 пайызға артық, - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова.
Өнеркәсіп орындары есепті кезеңде 488 млрд. 548 млн. теңгенің өнімдерін өндірген. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 24 млрд. 325 теңгені құрады. Тамақ өнімдерінің өндірісі – 14,5, машина жасау саласы 14,1 пайызға артты.
«Жыл ішінде барлық мемлекеттік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен негізгі капиталға 127 млрд. теңге тартылды. Бұл – облысқа бағытталған жалпы инвестицияның 53,8 пайызы», - деді бөлім басшысы.
Назерке САНИЯЗОВА