ҚАЗАҚСТАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ - BLOOMBERG
Қазақстан инновациялық даму жолындағы 50 елдің қатарына енді. Bloomberg таратқан ақпарға сай, көш басында Оңтүстік Корея тұр, - деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Одан кейінгі орындарды Германия, Швеция, Жапония мен Швейцария иеленген. Рейтингті түйіндеген елдер Таиланд, Марокко, Аргентина және Қазақстан.
Мақалада «мәселе нешінші орынды иеленгенде емес, осы тізімге ілінудің өзі ел экономикасына серпін беруі тиіс» делінген. Bloomberg-тің инновация бойынша индексі 7 көрсеткіш бойынша жасалған. Онда заманауи технологиямен жабдықталған компаниялар саны мен азаматтардың жоғары білім алуы, тауарлардың қосымша құны мен тіркелген патенттер жайлы мәліметтер бар. Аталған тізімде Ресей 12 орында тұр, ал Қытай 21-ші позицияны иемденді.