ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ХОШ ИІСТЕНДІРГІШ ЖАСАУДЫ ҮЙРЕНДІ
Қызылордада мектеп оқушысы хош иістендіргіш жасаудың жаңа тәсілін тапты, деп жазады «Литер» газеті. Ол үй жағдайында бірнеше минут ішінде қажетті хош иіс шығаруға мүмкіндік береді.
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ақмарал Бисенова шағын толқынды меште хош иіс дайындауды ұсынады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми басшысы, қауымдастырылған профессоры Нұрбол Аппазовтың айтуынша, бұл өнертабыс әлемдегі белгілі порфюмерлердің сұранысын тудыруы мүмкін. Оны басқа салада да пайдалануға болады.
«Әзірленген әдісті фармацевтикалық өнеркәсіпте дәрі дайындау кезінде, тағам, бояу өнеркәсібінде ерітінділерге, сондай-ақ полимер материалдар өндірісінде хош иістендіргіш ретінде сәтті пайдалануға болады», - деп атап өтеді Аппазов.
Хош иістендіргішке негіз ретінде мұнай қалдықтары пайдаланылады. Реакцияға ас сірке суы мен катализатор қатысады. Хош иістендіргіш затты өндіру кезінде қалдық шықпайды, сондай-ақ қоспадан тазалау үшін қосымша шығын талап етілмейді, сондықтан бұл тәсіл экономикалық тиімді саналады.