2015 ЖЫЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 1137 АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫ ТІРКЕЛДІ
2015 жылы Қызылорда облысы бойынша 1137 алаяқтық қылмысы тіркеліп, 2014 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға өскен. Бұл туралы қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі, полиция аға лейтенанты Асылбек Бексейітов мәлімдеді.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде соның 81,4 пайызы ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды. Қарызға ақша алып қайтармағандар саны – 986, келісімшартқа отырып, оны орындамағандар саны – 27, несие алдырып, төлемегендер саны – 48, телефон арқылы сеніміне кіріп, ақша аудартып алғандар саны – 42-ні құрады.
«Қылмыстың өсуіне тұрғындардың немесе жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беруге, атап айтқанда, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру, жер немесе пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткен азаматтардың сөзіне алданып, оңай жолмен өз жұмыстарын бітіруге талпынулары себеп болып отыр», - деді Асылбек Бексейітов.
Мәселен, 2015 жылы қала тұрғындарынан төмен бағаға жер сатып алып, құжаттарын аз уақыттың ішінде заңдастырып беретін боп 8 адамнан қомақты ақша алып, уәдесінде тұрмаған қызылордалық жөнінде арыз түсті. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Кінәсі толық дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарынан жер телімдерін сатып алу немесе басқа да мәселелер бойынша келісімшарттар жасамас бұрын, заңгерлермен және Жер комитеті қызметкерлерімен кеңесіп, сақтық шараларына аса көңіл бөлуді сұрайды.