БИЫЛ 5 МЫҢ АДАМҒА ҚЫЗЫЛОРДА-ЖЕЗҚАЗҒАН ТРАССАСЫНЫҢ БОЙЫНАН ЖЕР ТЕЛІМДЕРІ БЕРІЛЕДІ
Ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімдерін қайта есепке алу мақсатында Қызылорда қаласында құрамына ішкі істер органдары, қалалық сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімінің өкілдері енген төрт жұмыс тобы құрылды.
Пайдаланылмай тұрған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін қайта есепке алу шарасының алғашқы кезеңінде мемлекет меншігіне 4300 га жер қайтарылды. «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғалымжан Еркебай басқа да мәселелерді атап өтті. Бүгінде жеке тұрғын үй салу үшін он сотыққа кезеке тұрғандар саны 20 мыңға жетті. Биыл соның 5 мыңы Қызылорда-Жезқазған трассасының бойындағы 980 га аумақтан жер телімдерін алады.
«Алайда, үйлер қаланың нобайына байланысты салынуы тиіс. Өйтпеген жағдайда жер мемлекет есебіне қайтарылып, келесі кезектегі адамға берілуі мүмкін», - деді бөлім басшысы.
Атап өту керек, ел заңына сәйкес 18 жасқа толған әрбір қазақстандық мемлекеттен он сотық жер телімін тегін алуға құқылы.