ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС БІРҚАТАР ЖОСПАРЛАУ ЖОБАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес Қызылорда-Жезқазған трассасы бойындағы 980 га аумақтың, Сұлтан Бейбарыс көшесі мен көпір маңындағы аймақты қамтитын 329 га аумақтың, 500 га Астана ауданы және Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 1532 га аумақтың егжей-тегжей жоспарлау жобалары әзірленді.
«Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Пакуадин Шамұратов бұл шаралардың әлеуметтік, жеке тұрғын үй және басқа да объектілерді жобалау, олардың құрылыстарын жүргізу барысында туындаған мәселелерді тез әрі оңай шешу, бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында қолға алынды. Одан бөлек, 39 млн. теңгеге облыс орталығы маңындағы елді мекендер мен бағбандық, саяжай серіктестіктерінің жерлерін қамту, олардың біртұтас даму жүйесін құру мақсатында «Қызылорда қаласы маңындағы аймақтардың жоспарлау жобасы» әзірленіп, бекітілді.
«Бұл орайда халық санының тез артуына байланысты қала құрылысының ережелері қаперге алынды», - деді Пакуадин Шамұратов.