ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ АРАСЫНДАҒЫ «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНДАҒЫ АПАТҚА ҚАТЫСТЫ КЕЛІСІМГЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «1999 жылғы 18 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде авариялар болған жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, - деп жазады «Қазақпарат».
Мәжіліс мақұлдаған құжат енді Парламент Сенатына жолданады. Заң жобасы бойынша баяндаған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, екі ел арасындағы келісімге өзгерістер енгізілген Хаттамаға 2015 жылдың 2 маусымында қол қойылған.
«Құжат негізінен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранды ұшыру барысында апаттар орын алған жағдайда құрылатын комиссиялар, бірлескен штабтар мен уәкілетті органдардың құзыреттерін нақтылайтын болады. Тұтастай алғанда, заңнаманы қабылдау қосымша қаржы шығындарын талап етпейді. Келісім Қазақстанның ұлттық заңнамасына қайшы келмейді», - деді министр Қ. Қасымов.
Айта кетерлігі, келісімге өзгерістер енгізуге Қазақстан тарапы бастамашылық жасаған. Депутат Юрий Тимощенконың айтуынша, 2006 жылдың 27 шілдесіндегі «Байқоңырдан» ұшырылған «Днепр» РС-20 зымыранының апатқа ұшырауы бойынша оқиғаның салдарын талдай келе, Қазақстан үкіметаралық комиссия аясында келісімге өзгеріс енгізу туралы бастама көтерді. «Өйткені, апат салдарын жою процесінде бірқатар мәселелер туындаған болатын. Ал оны реттеу қолданыстағы келісімдерде көрсетілмеген. Соған орай, 2006 жылдан бері екі мемлекет арасында келіссөздер жүргізіліп, 2015 жылы ортақ мәмілеге келіп, хаттамаға қол қойылды», - деді депутат Ю.Тимощенко.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.