ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ДҮКЕН СӨРЕЛЕРІНДЕ ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕЙТІН ОЙЫНШЫҚТАР ТОЛЫП ТҰР
Сапасыз сылдырмақ. Бояуы бес елі көлік. Жағымсыз иісі бар доптар. Қызылордада талапқа сай келмейтін ойыншықтар дүкен сөрелерінде толып тұр. «24KZ» арнасының тілшісі Қамбар Бекенов ойын баласы ұстайтын тауарлардың сертификаты жоқтығына көз жеткізіп қайтқан. Ал санитар-эпидемиологтардың зерттеу нәтижесі тіпті жантүршігерлік.
Жәзира Әбдібекованың жасы отызға келсе де, қолынан ойыншық түспейді. Өйткені ол сараптау орталығында үздіксіз зерттеу жүргізеді. Лаборант-маманның айтуынша, талдау жұмыстары кезінде ойыншықтан химиялық заттар бөлініп, жанып, тіпті жарылған сәттері де болған екен.
Жәзира Әбдібекова, «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының дәрігер-лаборанты:
- Ойыншықты кедір-бұдырлығына, бояуына алар алдында ылғал шүберекпен сүртіп көріңіздер. Егер ылғалды шүберекке бояуы жұғып жатса, ол кезде бояу тұрақсыздығы байқалады. Неше түрлі ацетон, резеңке иісі шығуы мүмкін. Резеңке иісі ғой деп қоя саламыз, бірақ ол не дегенмен, балаға әсер етеді.
Гүлнәр Сақтапбергенова, «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының зертхана меңгерушісі:
- Өкінішке орай, менің тәжірибемде базардағы бірде-бір саудагер сертификат алуға келген емес. Өткен жылы бақылау есебінде 671 үлгі сатып алынды. Оның 24 түрі ойыншықтар, соның 16-сы, яғни 67% техникалық регламентке сай болмай шықты.
Аймаққа ойыншықтар негізінен барлық санитарлық бекеттерді айналып өтіп, шағын көтерме партиялармен келеді. Контрабандалық жолмен өткен тауардың сапасы жөнінде алып-сатарлар бас ауыртқысы жоқ. Сондықтан сыртынан әсем де сүйкімді көрінген қуыршақ немесе қонжықтардың қауіптілігі баяу іске қосылатын бомба іспеттес.
Зүлфия Мырзахметова, облыстық балалар ауруханасының дәрігер-гастроэнтерологы:
- Тыныс алу жүйесінің аурулары, бронхит, фарингит тітіркендіреді. Сонымен қатар тері қабатының аурулары неше түрлі дерматит, аллергиялық серпілістер. Сонымен қатар кішкентай, майда ойыншықтарды бала жұтып қоюы мүмкін немесе ұштары өткір ойыншық баланың тері қабатын жарақаттауы мүмкін.
Мамандар әр тұтынушыға сауда жасамас бұрын кезкелген тауардың анықтамасымен танысып, сатушыдан заттың қауіпсіздігін айғақтайтын қағаз талап етуге кеңес береді. Ойын мен ойыншықтан от шықпас үшін.