20 ҚАҢТАРДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІ МЕН БАТЫСЫНДА ҚАР ЖАУЫП, БҰРҚАСЫН БОЛАДЫ
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады, бұрқасын болады.
Сондай-ақ тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіліп, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 18-23 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, желдің жылдамдығы - 15-20 м/с, түнде кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан облысында түнде тұман күтіліп, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с.-қа жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.