"ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" САЛЫМДАРЫ БОЙЫНША ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕУ 2016 ЖЫЛДЫҢ ШІЛДЕСІНДЕ БАСТАЛАДЫ
Теңгенің әлсіреуіне байланысты "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымдары бойынша өтемақы төлеу екі транш арқылы - жалпы 60,9 млрд теңге сомамен 2016 жылдың шілдесінде және 2017 жылдың қазанында жүзеге асырылады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.
"Төлемдер 2016 жылдың шілдесінде және 2017 жылдың қазанында екі транш арқылы жүзеге асырылып, өтемақы төленеді. Өтемақылардың жалпы көлемі немесе бар сомаға пайыздық қатынаста 35,5% құрайды", - деді ҰЭМ басшысы, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі. Ол айтып өткендей, өткен жылдың соңында Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қабылданған салымдарға өтемақы төлеу бойынша сәйкес шешім бүгінде "Бәйтерек" ұлттық холдингімен, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен" бірге және Үкімет аясында пысықталуда. Ол еске салып өткендей, бүгінгі таңда 20 тамызға бекітілген сома - 171 млрд теңге, бұл сол уақыттағы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" клиенттері салымдарының сомасы.
Министрдің мәліметінше, өтемақының жалпы көлемі 60,9 млрд теңгені құрайды, олардың ішінде 24 млрд теңгені 2016-2017 жылдарыы ТҚЖБ табыстарымен өтемақы төленеді деп күтілуде. Қалған қаражат, Е.Досаевтың айтуынша, Үкімет резервінен биыл және келесі жылы 36,9 млрд теңге түспек.