АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТҮБІНЕН СЕКСЕУІЛ КӨШЕТТЕРІ ТАБЫЛДЫ
«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ мамандары Арал теңізінің құрғаған табанындағы сексеуіл көшеттерінің бүгінгі жай-күйін түгендеу және бағалау бойынша жобаны іске асыруды аяқтады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне жоба басшысы, «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ ЖҚЗ Ғарыш жүйесі орталығының жер үсті мақсатты кешендері басқармасының инженері Қанат Самарханов хабарлады.
«Біздің ЖҚЗ серігінің алған деректерін фотограмметрикалық өңдеу тобы Арал өңірінде төрт ай жұмыс істеді, - деді Қ.Самарханов. - Геоботаникалық зерттеу және ғарыш түсірілімдерін шешуді қамтитын далалық зерттеу жүргізіліп, Арал теңізінің құрғаған түбіне егілген өсімдіктердің картасы жасалды».
1 метр кеңістіктік рұқсатпен KazEOSat-1 серігінен ғарыш түсірілімдерін пайдаланып, бұл жұмыстардың нәтижесі бойынша 1988 жылы егілген сексеуіл көшетінің жай-күйін анықтадық.
Қанат Самарханов атап өткендей, жоба нәтижесі АТҚТ аумағынан Қазақстанның басқа өңірлеріне тұз, шаң өту қарқынын төмендетуге ықпал ететін сексеуіл көшеттерінің өсіп тұрғаны жайлы деректерді нақтылауға мүмкіндік бергенін атап өтті.