КӨЛІК АПАТЫНАН АМАН ҚАЛҒАНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛДІ
14 қаңтар күні Сырдария ауданының территориясында болған көлік апаты кезінде аман қалған төрт адам өз-өздеріне келді, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
«Қазір олардың жағдайы қалыпты. Екеуі Сырдария аудандық ауруханасында, қалғаны облыстық медицина орталығында жатыр. Тереңөзекте бір жәбірленушіні палатаға шығарды, екіншісі дәрігерлердің бақылауында», - деді ол.
Естеріңізге салайық, 14 қаңтар күні ішінде 9 жолаушысы бар екі жеңіл автокөлік соқтығысып, нәтижесінде 5 адам қаза тапқан болатын.