ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН АШЫҚ
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым аумағында күн ашық, тек республиканың шығысында, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Атырау облысында 17-22, күндіз екпіні 25 м/с жел соғады, кей бөліктерде тұман, көктайғақ. Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарында тұман, бұрқасын, 15 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Қарағанды өңірлерінде кей жерлерде тұман түсіп, түнде бұрқасындатып, жел күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында, түнде Павлодар облысында бұрқасын, 15-20 м/с жел күшейеді деп күтілуде. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей бөліктерде желдің жылдамдығы 15-23 м/с барады. Алматы облысында тұман, көктайғақ. Жамбыл өңірінде кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, түнде 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында кей бөліктерде тұман байқалады.