2015 ЖЫЛЫ «АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС» МҮШЕЛЕРІ 2 ЕСЕ ӨСТІ
Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдары, оның ішінде нақты «Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының мүшелері жыл сайын мол тәжірибе жинақтап, әлеуметтік саясатты жүргізуде қоғамдағы ықпалды күшке айналып келеді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Қызылорда облысының Азаматтық Альянс» қауымдастығының төрайымы Әлима Әбдіқалықова мәлімдеді.
- Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы «Азаматтық Альянс» мүшелері 2 есе өсті, ақпараттық-ресурстық орталығы тек облыстық орталықта емес, аудандарда да өз қызметін белсенді атқарды, үкіметтік емес ұйымдар 19 маңызды әлеуметтік жобалар бойынша жұмыс жасады, - деді Ә.Әбдіқалықова.
Айта кету керек, алдағы уақытта «Азаматтық Альянс» үкіметтік емес ұйымдары қауымдастығы еліміздегі қоғамдық-әлеуметтік саясатты іске асыруда өз жұмыстарын жаңа құқықтық кеңістікте кәсіби деңгейін көтеріп, сапалық жағынан жаңғыртып, аудан, ауылдық жерлердегі үкіметтік емес секторды дамытуда ат салысып, «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласындағы үшінші, төртінші реформалардың орындалуына өз үлестерін қосуды мақсат етуде.
Шынар БЕКБАН