МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Берікбол Байқожаев Елбасының «100 нақты қадам: Баршаға арналған арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік қызметтің жаңа моделін жүзеге асыру жөнінде брифинг өткізді.
Жыл басында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қолданысқа енді. Ол мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне біржола өтудің құқықтық негізін айқындайды.
- Бұдан былай мемлекеттік қызметшілерді ілгерілету төменгі лауазымдарда жұмыс өтілі болғанда, ішкі конкурс өткізу жолымен – әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады. Алғашқы кезеңде ішкі конкурс мемлекеттік органның өз қызметшілерін қамтиды. Тиісті кандидат болмағанда барлығының арасында жүргізіледі, - деді Берікбол Байқожаев.
Мемлекеттік органдардағы бос немесе уақытша бос төменгі лауазымдар үш кезеңдік іріктеу негізінде жалпы конкурс өткізу арқылы толықтырылады. Ал «Б» корпусының кадр резерві институты таратылады. Сондай-ақ ауысу институтына шектеу қойылып, «Б» корпусының басшысылық құрамын ротациялау институты енгізілуде. Зейнеткерлік жасқа жеткендерді саяси қызметке қабылдау жүйесі қатаңдатылып отыр.
Назерке САНИЯЗОВА