ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ
Бүгін Қызылордада экономика тақырыбында жазатын қазақтілді журналистерге арналған «Бюджет ашықтығы және есептілігі» атты екі күндік семинар-тренинг басталды.
Оның алғашқы күнінде «Экономикалық зерттеулер, бағалау және мониторинг орталығы» ҚҚ-ның сарапшысы Шолпан Әйтенова «Еліміздегі бюджеттік жүйе және бюджет үдерісі», «Бюджет үдерісіндегі БАҚ-тың рөлі» деген тақырыпта дәріс оқыды. Қазақтілді ақпарат кеңістігінде экономика саласына қалам тербеп жүрген мамандардың сирек және құрғақ цифрарға көп иек артатынын сөз етті. Бұл журналистердің күрделі тақырыпты қозғауға батылы бара бермейтінін, жазған күннің өзінде тереңіне бойламайтынын көрсететін сияқты.
Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп қазақ журналистикасындағы жетістік пен кемшілікті саралады. Ал осы басылымның жауапты хатшысы Асқар Беков «Инфографика – ақпараттандырудың озық формасы» тақырыбында айтып берді. Семинар-тренинг барысында аймақтық БАҚ өкілдеріне арнап тәжірибелік сағат ұйымдастырылды.
Ертеңгі бөлігінде бюджеттік мәліметтердің дереккөзі мен ақпаратқа қолжетімділік туралы сөз болады. Қатысушыларға сертификаттар табысталады.
Назерке САНИЯЗОВА