ЕЛБАСЫ «БАҒАЛЫ МЕТАЛДАР МЕН АСЫЛ ТАСТАР ТУРАЛЫ» ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Мемлекет басшысы бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ Елбасы заңнаманы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.