ЕЛДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігінде 22 шілде күні ауа райының тұрақсыздығы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы «Қазгидометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Республиканың бірқатар аймақтарында жел күшейеді. Ақмола облысында түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-22 м/с-қа дейін барады. Ал Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында, Алматы, Жамбыл облыстарының кей аймақтарында қатты ыстық болады.
«ҚазАқпарат»