БИЫЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕРЕКЕЛІК КҮНТІЗБЕСІ АЙТУЛЫ ШАРАМЕН ТОЛЫҒАДЫ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығында отандастарымыз Ризашылық күнін атап өтеді, деп хабарлады «24 кз». Бұл жөнінде орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекеменің директоры Наталья Калашникова айтып берді.
Айтулы шара наурыздың 1 күні Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні тойлануы мүмкін деген жорамал бар. Ал қайырымдылық жасаймын деген жанға «Меценат.кз» интернет-порталы көмекші құрал бола алады. Онда бай-бағыландардың тізімі көрсетілген. Көмек сұрап, тікелей хабарласуға болады.
Наталья Калашникова, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры:
- Көмекке зәру отандастарымыз хабарласа алады. Мәселен, «Қоржын» мейірімділік керуенінен бастау алған «Асыл бала» жобасының аясында 16 өңір бойынша сырқаты ауыр балаларға меценаттар көмектесіп жатыр. Бұл жұмыс биыл да жалғасын табады.
Сондай-ақ Наталья Калашникованың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлт жоспарынның орындалуына үлес қосумен қатар оны нығайтуға да атсалысады. Ал Тәуелсіздіктің 25 жылдығында мыңнан астам іс-шара және Азиядағы өзара сенім және іс-әрекет кеңесіне қатысушы елдердің этномәдени бірлестіктерімен форум өткізбек.