КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Салық және кеден заңнамаларындағы жаңа толықтырулар мен өзгерістер бойынша» атты семинар-кеңес өткізді. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіне Қызылорда қаласы мен аудандардан шақырылған салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушы тұлғалар қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков жыл басында қолданысқа енгізілген салықтық және кедендік әкімшілендіру бағытындағы өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлжамал Шортанбаева «Өндірістік емес төлемдерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша» және ҚР «Қазақстан Республикасындағы мүлікті жария ету бойынша» Заңындағы өзгерістермен таныстырды.
Мүлікті жария ету – әлем тәжірибесінде, капиталды көлеңкеден шығару мақсатында, бұрыннан бар дүние. Басты мақсат, әрине, көлеңкедегі қаржыны шығару, оны елдің экономикасына қызмет етуге бағыттау. Бұл акция ҚР азаматарының және оралмандардың табыстары мен мүлкін декларациялауға көшуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 2017 жылдан бастап барша бюджеттік мекемелер мен ұйымдар, мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компания қызметкерлері жалпыға бірдей декларацияға қатысады. 2020 жылы аталған декларацияны еліміздің барлық азаматтары толтырады. Декларация азамтатардың меншігіндегі бар мүлкін анықтайды. Осыған сәйкес акцияны үлкен мүмкіндік деп қарастыру қажет. Бұл науқан енгізілген өзгерістерге байланысты 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылды.
Жария ету субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі, мынадай 2 шарт сақталған жағдайда жария етуге жатады: 1) Заңда белгіленген тәртіппен алымды төлеу;
2) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру.
Екінші спикер түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Совет Бабанаев Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне салық төлеушілердің бөлек санаттарының салық салу тәртібі және арнаулы салық режимдерін қолдану бөлігіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме жасады.
Оның ішінде, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыстар алатын салық төлеушілер үшін ұсынылды: 1) 2016 жылдан бастап - мұндай табыстарды алатын заң тұлғаларға шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін (АСР) қолдануы (СК-нің 428-бабы). Бұл ретте мұндай салық төлеушілер аталған режимді 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға құқылы (Салық салу бойынша Заңның 11-бабы); 2) 2016 жылдан бастап - шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданған кезінде салық төлеушілердің табысына Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден алынған табыстарды енгізу (СК-нің 427-бабы).
2016 жылдан бастап - патент және оңайлатылған декларация негізіндегі АСР қолданатын салық төлеушілердің табыстарының мөлшерлерін айқындау тәртібі нақтыланған, сондай-ақ есептеу, тиісті салықтарды төлеу және олардың салық есептiлiгiн тапсыру (СК-нің 427-бабы).
2016 жылдан бастап Салық кодексінің 439-бабына БЖС үшін АСР қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтарының жайлымдардың мөлшерлерінің кеңейту бөлігінде, Астана және Алматы қалаларының аумағында орналасқан жер учаскелерінің шектеу белгілеуге өзгерістер түсіндірілді.
Кедендік ресімдеу басқармасының басшысы Дүрменбаев Қайырбек Қасымбекұлы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің 8.12.2015ж. «Жекелеген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде өткізу кезінде есепке алудың кейбір мәселелері туралы» №750 бұйрығымен таныстырды.
Бұл құжат «Жекелеген тауарларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде өткізу кезінде есепке алудың кейбір мәселелерін» реттейді. Нормативтік құжаттың ережелеріне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден, баждың ең төменгі ставкасы қолданылатын үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар Тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде, сондай-ақ осындай ставкалардың мөлшері белгіленген. Тізбеге енгізілген тауарлар бойынша баждың ең төмен ставкасы қолданылған тауарға арналған декларация жеке ресімделеді.
Тізбеге енгізілген тауарларды оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу бажының ставкасы қолданылатын тауарлармен бір тауар партиясында әкелген кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын барлық тауарларға қолдану шартымен, барлық әкелінетін тауарларды бір декларациямен кедендік декларациялауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасының БСҰ мүше болуына орай, жоғарыда аталған Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес, ҚР аумағынан ЕАЭО мүше мемлекеттерден басқа мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкеткен кезде салық төлеуші тауарға арналған декларациялардың және электронды шот-фактуралардың көшірмелерін аумақтық мемлекеттік кіріс органдарына табыс етеді. Осыған орай, сыртқы экономикалық қызметпен шұғылданушы тұлғаға, ЭШФ ақпараттық жүйесінде тіркеліп, электрондық шот-фактура жазып беру міндеттелінеді.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша енген өзгерістер мен толықтырулар туралы Борыштармен жұмыс басқармасының бөлім басшысы Ертанова Гүлмира Рыспайқызы баяндады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің баптарына енгізілген өзгерістер дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың оңалту рәсімін қолдану және банкрот деп тану туралы қатынастардың сотпен реттелуін үйлестірген. Сондай ақ, оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімі шеңберінде туындаған даулар, оның ішінде борышкермен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы, борышкердің мүлкін қайтару туралы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушының талап-арыздары бойынша дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы т.б. әрекеттердің тетігі нақтыланған.
Бақылау-кассалық машиналардың қолданылуына енгізілген өзгерістер туралы хабарлаған Мемлекеттік қызмет басқармасының бөлім басшысы Гүлсара Қарымсақова Қазақстан Республикасы үкіметінің 30 желтоқсан 2015 жылғы №1129 қаулысы негізінде бекітілген жекелеген қызмет түрлерінің тізбесімен таныстырды. Салық кодексінің 645 бабының 1 тармағына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында сатуды жүзеге асыру кезінде деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.
Семинар барысында қатысушылардан Қосымша құн салығы, электронды шот-фактураларды қолдану және тіркелу, бақылау-касса машиналарын қолдану, жер және көлік салықтары бойынша, шаруа және фермер қожалықтарының жер уческелеріне байланысты, кәсіпкерлердің арнаулы салық режимін қолданудағы шекті табыстары жөнінде сұрақтар қойылып, модератор және мамандар жауап берді. Департамент басшысының орынбасары М.Қалдарбеков қатысушылардың әрбір сұрағы мен пікірі маңызды екенін атап өтіп, Мемлекеттік кірістер департаментінің алаңында түсіндіру сипатындағы кездесулердің жалғасы болатынын жеткізді
Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Г.Таңатова семинарды ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, кәсіпкерлерді заңнамалық талаптарды орындауға және өзгерістерге мұқият болуға шақырды.
Бахыт ОРДАНОВА,
Қызылорда облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы