КӨШЕ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ 100 ПАЙЫЗҒА ШЕШІЛГЕН ЖОҚ
Биыл көше мәселесі толық 100 пайызға шешілген жоқ. Себебі, қала көшелеріне толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізу қаржы мәселесіне тіреледі. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марсбек Молдабаев хабарлады.
- Дегенмен жөнделмеген көшелер бойынша тұрғындардан түскен арыз-шағымдарды жинақтап, қаржыға қарап отпай, көшелерді тегістеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Мәселен өткен жылы барлығы 41 көшеге тегістеу жұмыстары жүргізілді, - деді М.Молдабаев. – Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, өткен жылы қаладағы жалпы ұзындығы 21,04 шақырым болатын 24 көшеге орташа жөндеу, қайта жаңғырту және көшелерді ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша барлығы бюджеттен 1725796,4 мың теңге қаржы бөлініп, мердігер мекмелер «Анкема», «Қызылорда жолдары», «Автомобиль жолдар басқармасы» ЖШС тиісті жұмыстар атқарды.
Айта кету керек, Марсбек Молдабаев өткен жылы келуге тиіс 82 жаңа автобуст тиісті сертификатының дұрыс болмауынан келмегенін және биылғы жылдың жоспарында екенін айтты. Жаңа автобустар №11, 14, 17 секілді бағыттарға қосылады деп күтілуде.
Шынар БЕКБАН