ҚХА ХАЛЫҚТЫ ДОСТЫҚ ПЕН ТҰТАСТЫҚ ИДЕЯСЫНА ЖҰМЫЛДЫРАТЫН КҮШ БОП ҚАЛА БЕРМЕК
«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында Елбасы көпэтностық – еліміздің ортақ ұлы қазынасы екенін атап өтті. «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Уәлихан Ибраев осынау қазынаны сақтаудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының роліне тоқталды.
«Оның миссиясы – бізді этносаралық бейбітшілік пен келісімнің мызғымастығына бастайтын жол. 20 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарып келеді», - делінген мақалада. Ендігі жерде медиация мен қайырымдылық істері де Ассамблеяның жауапукершілігіне жүктеліп отыр.
- Соңғы әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, Қазақстанда өмір сүретін өзге ұлт өкілдерінің 97 пайызы өздерін осы елдің азаматымыз, патриотымыз деп есептейтіндерін көрсетті. Демек, Ассамблея халықты біртектілік, достық, тұтастық идеясы аясына жұмылдыратын күш боп қала бермек, - деді Уәлихан Ибраев.
Назерке САНИЯЗОВА