МҰҒАЛІМДЕРГЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мен «КАТЕV» халықаралық қоры арасындағы келісім нәтижесінде елімізде бірінші рет математика, физика, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде өткізетін мұғалімдерді дайындау үшін пилоттық жобаны қолға алды. Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Бекжан Есенбаев «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде осылай мәлімдеді.
«КАТЕV» халықаралық қоры тарапынан оқу орнына жауапты қызметкер бекітіліп, шет тілі мамандығы бойынша білім алушыларды іріктеу, ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бағытында жұмыстар басталып кетті. «Қордың ұсынысына сәйкес колледж тарапынан 1658960 теңгеге 711 дана қажетті оқулық, оқу-әдістемелік кешен сатып алынды», - деді Бекжан Есенбаев.
Назерке САНИЯЗОВА