ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘРТІП ЖАЗАЛАРЫ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЕҢБЕКАҚЫҒА ҮСТЕМЕДЕН ҚАҒЫЛАДЫ
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы тәртіп жазаларының болу, болмауына байланысты болады, деп мәлімдеді бүгін Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері жөніндегі вице-министрі Айгүл Шайымова, деп жазады primeminister.kz.
«Тәртіп жазаларының бар болуы еңбекақы деңгейіне әсер етеді. Біз енді базалық төлем және бонустық бөлік бойынша еңбекақы төлеу жүйесіне көшеміз. Бонустық бөлік қызметкер бонус ала ма, жоқ па соған тікелей байланысты болады. Ол тәртіп жазасына байланысты болмақ. Егер мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылатын болса, оған бонустар төленбейді», - деді А.Шайымова ОКҚ брифингінде.
Ол түсіндіргендей, бонустар тиімділігі жоғары қызметкерлерге, «өз тәртібімен базалық белгіленген еңбекақы мөлшеріне үстеме алуға құқылы екендігін көрсеткендерге» ғана берілетін болады.
А.Шайымова сондай-ақ Елбасы ұсынған реформа шараларының аясында өңірлік деңгейде мемлекеттік қызметкерлердің этикалық бұзушылықтарының алдын алу қарастырылғанын еске салып өтті.
«Ең маңыздысы - енді кеңестерде бұрынғыдай жазалау болмайды, яғни олар жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартпайды. Олар мемлекеттік аппаратты жетілдіруге және оның тәуелсіздігіне қызмет етеді», - деп толықтырды А.Шайымова.
Ол Мемлекеттік қызметкерлердің этикасы бойынша кеңес құрамы өңірлік деңгейде абыройға ие болған тұлғалардан құралатынын айтты.