КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫ 2015 ЖЫЛЫ 124 АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІ АРАЛАДЫ
«Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдау мобильді орталығы (КҚМО) 2015 жылы Қызылорда облысының 124 ауылдық округін аралап, тұрғындарға 1500-ден аса түрлі қызмет көрсетті. Кеңесшілер облыстың жеті ауданына 96 рет барып, тегін қызмет көрсетті.
Орталық қызметінің нәтижесінде алыс ауыл тұрғындары үшін де бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар жөнінде тегін кеңес алуға мүмкіндік туды. Аудан орталықтары мен ауылдарды аралау кезінде орталық кеңесшілері семинарлар мен жиналыстар ұйымдастырып, мыңдаған тұрғынның сұрақтарына жауап берді.
Жылжымалы консалтингтік орталық ауылда шағын және орта бизнестің және ауыл халқын жұмыспен қамту барысының дамуына өз үлесін қосып келеді. Халық тек бизнесті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар мен төмен пайызды несиелерге қол жеткізу тетігі туралы біліп қана қоймай, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар конкурстық жобаға қатысуға өтініштер тапсыра алды. Кәсіпкерлікті қолдайтын мобильді орталықтың кезекті сапарларына «Даму» қорының кеңесшілерімен бірге басқа да қаржылық мекемелер мен екінші деңгейлі банктердің, Аймақтық Кәсіпкерлік палатасы мен «Бастамаларды қолдау» ҚБ өкілдері де бірге барып, өз қызметтерімен таныстырып қайтты.
«Бастамаларды Қолдау» ҚБ өкілі Мәдина Төлепованың сөзінше, мобильді орталықпен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесінде жаңа «Шағын бизнес – үлкен мүмкіндіктер» атты жобасы сәтті жүзеге асуда, аталған жоба – ауылдық аймақта экологиялық және этникалық туризмнің, жасыл экономиканың дамуына бағытталған жаңа бағдарлама. Қызылорда облысының барлық аудандарында инклюзивті және инновациялық бизнес-жобаларын жүзеге асыру үшін ауыл кәсіпкерлеріне пайызсыз және кепіл мүліксіз бір жылға 1 500 000 теңгеге дейінгі несие бере алады.
Шиелілік Алмат Үрімбаевтың сөзінше, КҚМО кеңесшісі Қуатбай Матназаров мемлекеттік бағдарлама аясында пайызы субсидияланатын несиені алу механизмі жайлы толық мәлімет беріп қана қоймай, оның жобасын жүзеге асыруға көмектескен. Жас бастауыш кәсіпкер компьютерлік клуб ашуды жоспарлап отыр. Қажет қаражатты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие рәсімдеп, несиені бөлшек кепілдендіру арқылы пайдаланғысы келеді.