БАЙҚОҢЫРДАН «ПРОТОНДЫ» ҰШЫРУ 2016 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ СОҢЫНА БЕЛГІЛЕНГЕН
«Бриз-М» үдеткіш блогымен «Протон-М» зымыран-тасығышы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2016 жылдың қаңтарының соңында ұшырылады, деп хабарлайды primeminister.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетіне (Қазғарыш) сілтеме жасап.
Қазіргі таңда «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Eutelsat 9B» европалық телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыру бағдарламасы шеңберінде «Бриз-М» үдеткіш блогымен «Протон-М» зымыран-тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда.
«Аталған ұшыру ғарыш айлағының 200 алаңындағы старттық кешеннен 2016 жылдың қаңтар айының соңына белгіленген және «Байқоңырдағы» ғарыш жылын ашады», - делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.
Естеріңізге салсақ, «Eutelsat 9B» ғарыш аппараты - «Eutelsat Communications» француздық спутниктік оператордың меншігі.