ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ БАЛҒЫНДАРДЫ БАЛАБАҚШАМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 99,3 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Қызылорда қаласында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 99,3 пайызға жетті. Бұл туралы Қызылорда қоғамдық телеарнасы хабарлады.
2015 жылы жеке балабақшарлармен жұмыс жасайтын ұйымдар жанынан қосымша топтар ашылып, 3075 балдырған мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. Соның бірі – 170 орындық «Хадиша ана» балабақшасында бүлдіршіндерге барлық жағдай жасалған. Бүгінгі таңда қалалық білім бөлімі арқылы мемлекеттік тапсырыс есебінен көмек алып отыр. Мұнда 7 топ жұмыс істейді. Жаңа технологиямен, арнайы әдебиеттермен, әдістемеліктермен жарақталған.
Ал 1972 жылы қолданысқа берілген «Шаттық» балабақшасында 5 топ жұмыс істейді. «Энерго құрылыс» ЖШС бөбекжайды күрделі жөндеуден өткізді.
Биыл облыс орталығындағы Көшербаев көшесінің бойынан 280 орындық мемлекеттік балабақшасы салынуда.