«СОЮЗ» КЕМЕСІНІҢ АППАРАТЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА ҚОНДЫ
ХҒС экипажының үш мүшесі бар «Союз ТМА-12М» басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қонушы аппараты жергілікті уақыт бойынша сағат 08:23-те қазақ жеріне қонды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Ұшуларды басқару орталығына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда іздеу-құтқару топтарының мамандары аппараттың қонған жеріне келіп жетті, енді олар Жерге оралған ғарышкерлер мен астронавты эвакуациялауды бастады.
«Барлық ғарышкерлер өздерін жақсы сезінеді», - деп қосты ҰБО-дан.
ХҒС интернационалдық экипажы – Роскосмос ғарышкерлері Александр Скворцов пен Олег Артемьев, сондай-ақ NASA астронавты Стивен Суонсон бар «Союз» кемесінің капсуласы алдын ала белгіленген ауданға, Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысына қарай 148 км жерде мәскеу уақыты бойынша сағат 06:23-те (астана уақытымен 08:23) қонды.
Жерге оралған ғарышкерлер орбитада шамамен 170 тәуліктей жұмыс істеген.
Қазіргі таңда ХҒС бортында ресейлік Максим Сураев, америкалық Рид Уайсмен және еуропалық Александр Герст қалды.
Жаңа экспедиция экипажы Халықаралық ғарыш стансасына «Союз ТМА-14М» кемесімен 26 қыркүйек күні Байқоңыр ғарыш айлағынан аттанады.
Бұл экипаждың құрамына Роскосмос ғарышкерлері Александр Самокутяев пен Елена Серова, сондай-ақ НАСА астронавты Барри Уилмор кіреді.