2013 ЖЫЛДАН БЕРІ ТҮРМЕДЕГІЛЕРДІҢ САНЫ 25 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ – Е.ОҢҒАРБАЕВ
Елімізде 2013 жылдан бері түрмедегілердің саны 25 пайызға азайды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры, з.ғ.д., профессор Еркін Оңғарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласымен таныстық. Біз бұл құжатты талдап жатырмыз, оны көптеген мәселелерді қамтыған стратегиялық құжат деп санаймыз. Құжаттағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелеріне арналған бөлімді Елбасымыз мұқият талдап, нақты ұсыныстар жасады. Енді оларды бұлжытпай орындайтын боламыз», - деді Еркін Оңғарбаев.
Профессор атқарылған жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.
«2013 жылдан бері түрмеде отырғандар саны 25 пайызға, 52 мыңнан 40 мың адамға дейін азайды. Бүгінде 100 мың қазақстандыққа шаққанда 233 сотталғаннан келеді. Бұл 90-шы жылдарға қарағанда 2 есе кем. Әлемдік рейтингте Қазақстан өз позициясын 55-ші орынға дейін жақсартты. Сондай-ақ, соттар бас бостандығынан айыру емес, бостандықты шектеу және тағы басқа басымдыққа ие болды. Колонияларда 133 жекеменшік бизнес субъектісі өз жұмысын бастады, бұған дейін олардың саны 16 болған. Олар 1865 сотталған адамды жұмыспен қамтыды. Колония тарихында алғаш рет 20 тұтқын жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнес субъектісі атанды», - деді Е.Оңғарбаев.
Маманның айтуынша, дамыған 30 елдің қатарына ену үшін құқықтық тәртіп пен заңдылықты одан әрі нығайта түсу керек.