ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 27 БӨГЕТ ҚАУІПТІ ДЕП ТАНЫЛҒАН
Сырдария өзенінде 27 бөгеттің қауіпті тұсы анықталған. Олардың барлығы – Қызылорда облысының аумағында. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары су арнадан асса, тұрғындар зардап шегуі мүмкін екенін айтады, - деп хабарлады «Астана» телеарнасының облысымыздағы меншікті тілшісі.
Сондай-ақ олар 21 гидротехникалық нысанды нығайту қажеттігін ескертеді. Қырғызстанның Тоқтағұл су қоймасында су деңгейі былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2 млрд., Шардарада 200 млн. текше метрге көп. Сондықтан аймақта апаттың алдын алу шаралары басталған. Құм салатын қапшықтар, жанар-жағармай, құрылыс материалдары әзірленген. Жағалаудағы бөгеттер бекітілуде.
Жүзден астам эвакуациялық орталықтар, азаматтарды қабылдайтын бекеттер ұйымдастырылуда. Биыл өңірде қыс жылы болып тұр. Осыған орай оңтүстік аудандарда суға мұз қатып үлгермей жатса, солтүстіктегі Арал мен Қазалыда өзен арнасынан тасыған.