ҚАЛАДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ ЖЫЛ САНАП АРТЫП КЕЛЕДІ
Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту және жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында ауқымды мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Осындай қолдаулардың арқасында қаламызда кәсіпкерлік субъектілерінің саны жыл санап артып келеді. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қожахмет Ілиясов «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
- Қызылорда қаласы бойынша 2016 жылдың бірінші қаңтарына қала бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 26088 бірдік болып, өткен жылмен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады. Оның ішінде жұмыс істейтіндер саны – 21546 бірлік, - деді Қ.Ілиясов. – Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша 15 шағын несие ұйымдары жұмыс жасауда. Бұл ШНҰ арқылы 4173 жобаға 3 млрд 142 млн теңгенің шағын несиесі беріліп нәтижесінде 1017 жаңа жұмыс орны құрылды.
Айта кету керек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы тарапынан ауылдық елді мекендегі кәсіпкерлерге берілетін шағын несиелендір бағдарламасына 33 жоба ұсынылып, Қызылорда қаласынан жобалық құны 45,4 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырып, нәтижесінде 31 жұмыс орны ашылды.
Шынар БЕКБАН