«РЕФОРМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН КҮШ – ҚОҒАМНЫҢ БІРЛІГІ»
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы қоғамда қызу талқылануда. «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының орынбасары, саясаттанушы Нұрхан Жәлиев Елбасы айтқан бес реформаға кеңінен тоқталды.
Мақалада көрсетілгендей, 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. «Біз Тәуелсіздіктің 25-ші жылдығына жаңа қазақстандық арманмен аяқ бастық, оның басты мақсаты жүзеге асырылып жатқан «2050» Стратегиясымен бара-бар. ХХІ ғасырдың ортасына қарай біз Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуына қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», - делінген онда.
Саясаттанушы Елбасының мақаласын елімізді жарқын болашаққа бағыттайтын кешенді шаралардың жалғасы екенін атап өтті.
- Ондағы бес бағытты бір-бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Ал міндеттелген реформалардың нәтижелілігін қамтамасыз ететін күш – қоғамның бірлігі. Әрбір қазақстандық қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінгенде ғана реформалар жеміс бермек, - деді Нұрхан Жәлиева.
Назерке САНИЯЗОВА