«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫ ОБЛЫСТА ТОЛЫҚ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
Былтыр шілдеде Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданында басталған «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында 1 қаңтарға дейін 168 адамға немесе 31 отбасыға 5659,2 мың теңге шартты ақшалай көмек берілді.
- 15 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 22 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. 2 адам қайта даярлау курсынан өтіп, 1 адам жастар тәжірибесіне жолдама алды, - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ш.Алмашова.
Бастама нәтижесінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 37,1 пайызға азайған. Қанатқақты жоба биыл қалған аудандарда да қолданысқа енгізілді. Бұл табысы аз азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсетумен қатар жұмысқа орналасуға, қосымша мамандық алуға, қажет болса, отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Назерке САНИЯЗОВА