ҚЫЗЫЛОРДАДА САБИРА МАЙҚАНОВА АТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ БАСТАЛДЫ
Кеше Қызылордада Кеңес Одағының халық әртісі, мемлекеттік сыйақы лауреаты Сабира Майқанованың 100 жылдығына арналған ХХІІ республикалық фестивальдың ашылу салтанаты болып өтті. Фестивальде театр өнерінің саңлақтары Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Есмұхан Обаев, Ғазиза Әбдінәбиева, сонымен қатар Алматы, Астана, Шымкент және еліміздің өзге де өңірлерінен келген театрлары мен әртістің жақын-туыстары жиналды.
Алдымен қаламыздың орталық алаңында театр саңлақтарының салтанатты шеруі өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев фестивальдың қатысушыларына сәттілік тіледі. Өз сөзінде Сабира Майқанованың еліміздің театр өнерінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, әсіресе Бейімбет Майлиннің «Майдан», Мұхтар Әуезовтың «Абай» және «Қаракөз», Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» және Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер Ана» қойылымындарындағы ана рөлдерін сомдауын атап өтті. «Ол сахнада ананың келбетін қайталанбастай етіп сомдады», - деді облыс әкімі.
Фестивальдің ашылу салтанатында сонымен қатар Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов сөз сөйледі. Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиярұлының құттықтау хаты оқылды.
Сонан соң Н.Бекежанов атындағы қазақ музыка-драмма театрында М.Әуезовтың «Қаракөз» қойылымы өтті. Одан бөлек, 10-14 қыркүйек аралықтарында драмтеатрда Софоклдың «Царь Эдип», Ғабит Мүсіреповтың «Махаббат поэмасы», Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» және тағы да басқа қойылымдар көрсетілмек.