«БАТЫС ЕУРОПА-БАТЫС ҚЫТАЙ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК ДӘЛІЗІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда облысы аумағындағы құрылысы аяқталуға жақын.
«Астана» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, жаңа көлік трассасы іске қосылса, Азиядан Еуропаға жүк тасымалдауға даңғыл жол ашылмақ. Ауқымды халықаралық көлік дәлізінің 812 шақырымы Қызылорда аймағынан өтеді. Осынша шақырым жол бүгінде толық дайын десе де болады, тек ұсақ-түйек жұмыстар қалған. Көліктер магистральмен жүйткіп жатыр. Жаңа жолды алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізген жүргізушілер де сапасына риза.
Аса маңызды жоба Елбасының тікелей бастамасымен 2009 жылы қолға алынған. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі Қытайдан бастауын алып, Ақтөбедегі Мәртөк елді мекеніне дейін созылады. Ол жерден Ресейдің Орынбор облысына жалғасып кетеді. Қазақстан аумағында 2 452 шақырым жол салынуы тиіс болса, оның басым бөлігі – Қызылорда облысының еншісінде.
Күрделі құрылыс жұмыстарына кәсіби мамандар тартылған. Олар негізгі жолмен қатар, оның бойындағы айналма жолдар мен көпірлердің құрылысын да қолға алды. Жол құрылысына жауапты азаматтардың айтуынша, қазірдің өзінде транзиттік жүк тасымалы басталып кеткен.
Көлік дәлізінің Қызылорда облысы аумағындағы бөлігі алдағы көктемде пайдалануға берілмек. Ал «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жолы осы жылдың аяғында толығымен іске қосылады деген жоспар бар.