ДЕПУТАТТАР МӘЖІЛІСТІ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТАРАТУ ТУРАЛЫ БАСТАМА КӨТЕРДІ
Мәжіліс депутаттары ҚР Президетіне Мәжілісті мерзімінен бұрын тарату және кезектен тыс сайлау тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарының Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеуі мәтінін жария еткен депутат Нұрлан Әбдіров осылай деді. «Дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігу қажет. Тек бірлік пен үйлесімді іс- әрекеттер ғана бізге жаңа экономикалық соққыларға төтеп беруге мүмкіндік береді», - деді ол.
Депутат жария еткен үндеуде еліміздегі реформаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттерімізді барлық деңгейде үйлестіру үшін Парламент сайлауын жергілікті мәслихаттар сайлауымен қоса өткізу қажет екендігі айтылған.
«Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзақ мерзімге созбауға және сайлауды ұйымдастыру мен өткізуге жұмсалатын бюджет шығыстарын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Осы айтылған ұстанымдарды негізге ала отырып, біз Мемлекет басшысына, ҚР Президентінің 5-ші шақырымдағы ҚР Парламенті Мәжілісін мерзімінен бұрын тарату және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлығын қабылдау туралы бастамамен жүгінеміз», - деді үндеуді жариялаған Н.Әбдіров.
«ҚазАқпарат»

Комментарии 2