ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ТАУАР ТҮРЛЕРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Көп ұзамай Қызылордада жаңа тауар түрлері: кальцийлендірілген сода, шыны, ванадий тотығы, ферросилиций, қорғасын-мырыш қоспасы шығарылады. «Сыр Медиа» ЖШС-нің облыстық коммуникация орталығының брифингінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ринат Сұлтангереев осылай айтты.
ИИДМБ аясында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аймақтың өңдеу саласында инвестиция көлемін арттырады. Былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда мұндай инвестиция көлемі 5,3 есе өскен. «Алдағы уақытта мұнай және газ өнеркәсібіне қажетті шыны, цемент зауыттары іске қосылады. Сондай-ақ «Шалқия» кен орнында кен байыту комбинаты, «Фирма Балауса» ЖШС ванадий өндірісі құрылады», - деді Ринат Сұлтангереав.