ӨТКЕН ЖЫЛЫ 7283 ҚАҢҒЫБАС ИТ ПЕН 4048 МЫСЫҚ ЖОЙЫЛДЫ
Бүгінде қаламызда қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Қазіргі уақытта 7283 ит, 4048 мысық ауланып жойылды. 2015 жылға ақша бөлініп, толық игерілді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің басшысы Нұрлан Ахметов хабарлады.
- Ауланған ит-мысықтар 2014 жылы алынған сыйымдылығы 1 тонналық инсинератор пешінде өртелуде, - деді Н.Ахметов.
Сондай-ақ, бөлімнің міндеттерінің бірі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қалада ішкі сауда объектілеріне келіп түскен ет өнімдерінің барлығы мал сою алаңдарында сойылған және ветеринариялық анықтамалармен тасымалданады. Ішкі сауда объектілеріндегі сатылатын мал тегі өнімдері міндетті түрде ветеринариялық анықтамамен қабылданады және ветеринариялық сараптама актісі негізінде сатылуда. Осы орайда ветеринариялық санитарлық сараптама жүргізетін зертханалардың барлығы үй-жаймен қамтамасыз етілген. Сондықтан сапалы жұмыс атқаруына бөлім мамандары тарапынан күнделікті бақылау жүргізіліп отырады.
Шынар БЕКБАН