ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 82 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ 17 ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасының бірінші және екінші бесжылдығында Қызылорда облысында құны 82 млрд. теңге болатын 17 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің облыстық коммуникация орталығының брифингінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
Екінші бесжылдық шеңберінде құны 466,9 млрд. теңгені құрайтын 41 жобаны жүзеге асыру көзделген. Нәтижесінде 6 мың жұмыс орны құрылады. «Соның ішінде 2015 жылы 2,3 млрд. теңгенің 5 жобасы орындалды. 250 жұмыс орны құрылды», - деді ол.