МӘМС ЖҮЙЕСІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова Елбасының «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында жүктелген міндеттер жөнінде айтты.
Президент мақаланың «Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары» тарауында денсаулық сақтау саласына тоқталып өткен. Оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді міндеттеді. Мақсат – халықтың өз денсаулығын қорғау жауапкершілігіне жету, медицина саласының қаржы тұрақтылығын құру, жүйенің тиімділігін көтеру.
- 2016 жыл және келесі жылдың алғашқы жартысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Елбасы өз мақаласында кепілдендірілген базалық медициналық көмек көрсетудегі жеке сектор үлесін көбейту бәсекелестік пен сапаны арттырады. Осыған байланысты медициналық қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссия құрылады, - Ақмарал Әлназарова.