ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭКОНОМИКА ТАҚЫРЫБЫНДА ЖАЗАТЫН ҚАЗАҚТІЛДІ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТЕДІ
15-16 қаңтар күндері Қызылордада «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аймақтық басылымдардағы экономика саласына маманданған қазақтілді журналистерге арнап семинар-тренинг өткізеді.
Онда «Экономикалық зерттеулер, бағалау және мониторинг орталығы» ҚҚ-ның өкілі Шолпан Әйтенова «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» атты дәріс оқиды. Публицист, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп «Қазақ журналистикасы: жетістік қандай, кемшілік қайсы?» деген тақырыппен диалог форматында әңгіме өрбітеді. Басылымның жауапты хатшысы Асқар Беков «Инфографика – ақпараттандырудың озық формасы» деген тақырыпта журналистикадағы мультимедианың ролін түсіндіреді.
Семинар-тренингке қатысқысы келетіндер өтінішін aitumarym@gmail.com электронды поштасына жібере алады.