ЖЕКЕ КӘСІПКЕР «БЖК - 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ
Қызылорда қаласында «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірегей бағдарламасы аясында балаларға арналған ойын-сауық орталығы бой көтерді.
Жеке кәсіпкер Виктория Югай жоспарын мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асырды. Өзінің кәсіпкерлік қызметін бизнес-леди 2005 жылы Қызылорда қаласында алғашқы «Праздник Еvent» агенттігін ашудан бастаған. Бизнестегі бірегей бағытты ашу арқылы кәсіпкер ісін дамыту үшін орасан зор жұмыс атқарды. Орталық жұмысын бірыңғайлады. Агенттіктің негізі қаланған уақыттан бері жеке кәсіпкер бизнестің дамуы мен кеңеюі сияқты бірнеше сатыдан өтті.
Виктория Югайдың сөзінше, бизнес бастаған уақытында ғимаратты жалға алып, жұмыс істесе, бірнеше жылдан соң өзінің шағын ғимаратын сатып алды. Бүгінгі таңда мемлекет қолдауымен ол қаланың орталығынан балаларға арналған ойын-сауық орталығын ашты. Жеке кәсіпкер несиені 14% үстеме пайыз мөлшермен «Қазақстан Халық банкі» АҚ-нан рәсімдеп, 29 млн. теңге көлемінде қаражатын ғимарат құрылысына жұмсады. Несиенің 7%-ын мемлекет өтейді.
- Агенттігіміз түрлі іс-шаралар мен іскерлік кездесулер, той-томалақ пен промоакциялар ұйымдастырады. Тапсырыс берушілер қатары артқан соң жаңа ойын-сауық орталығын ашуды жоспарладым Онда балалар отбасымен демалып қана қоймай, әртүрлі іс-шаралар мен ертегілік қойылымдар өткізуге де болады. Орталықтың ашылуында жаңа жылдық қойылым мен балаларға арнап іс-шара мен шоу бағдарламаларын ұйымдастырып, сәбилерімізге ерекше көңіл күй сыйлағанымызға қуаныштымын, - дейді Виктория Югай.