ОБЛЫС ӘКІМІ ФРАНЦИЯ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
10 қыркүйек күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бірқатар Франция Сенатының депутаттары мен Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қызметкерлерін қабылдады. Сенаторлар Андре Дюлэ, Доминик Жийо және Катрин Прокаччи Қызылорда облысының дамуы мен «САРАТС-2» жобасының жүзеге асырылуын сөз етті.
Облыс әкімі делегаттарға аймағымыздың географиялық және тарихи-мәдени ерекшеліктері жайлы баяндап беріп, қонақтардың Сыр елінің даму перспективалары жөнінде сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, өңір басшысы екі елдің ынтымақтастығы берік екендігін сөз етті.
Ал Франция Сенатының депутаты Андре Дюлэ Қазақстанның Арал теңізін қалпына келтіру бойынша жұмысына тәнті болып, делегаттарды біздің Шығыс пен Батыс қиылысында орналасқан аймағымыз өте қызықтыратынын жеткізді.
Облыс басшысы сенаторларға облыстың рельефті картасы арқылы Арал теңізінің қазіргі жағлайын баяндады.
Ал франциялық делегаттар болса, Арал теңізін көру үшін Арал ауданына сапарға шықты.