81 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ «ДЕМЕУ» ГРАНТЫМЕН КӘСІБІН БАСТАДЫ
Бүгін Қызылордада 81 адам өз кәсібін бастады. «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның ерікті әлеуметтік бастамасының шеңберінде «Демеу» гранттарын алды. Қайтарымсыз гранттардың куәліктерін аймақ басшысы салтанатты түрде табыс етті.
Бағдарлама негізінде несиелер Қармақшы және Жалағаш аудандарының тұрғындарына берілді. Конкурсқа 330 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 81 жоба қолдау тапты. «Демеу» гранттары халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына, көп балалы аналарға, жұмыссыздар мен мүгедектерге беріліп отыр. Нәтижесінде 13 тігін цех, 10 бөдене, қаз, тауық өсіру шаруашылығы, 7 шағын наубайхана, 6 кондитерлік цех, аяқ киім жөндеу шеберханалары, жихаз цех, вулканизация, жылыжай, шаштараз секілді шағын кәсіп нысандары ашылады.
– Сіздер шағын өндіріс бастау арқылы үлкен іске қадам басып жатсыздар. Мысалы, әрқайсыңыз өндірісте 4 адамды жұмыспен қамтысаңыздар орташа есеппен 20 адам (отбасы мүшелерімен қоса есептегенде) тұрақты табысқа қол жеткізеді, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Кәсіпкерлер өз кезегінде осындай қолдау жасалып жатқандығына алғыстарын айтып, өңірдің экономикасын көтеруге атсалысатындықтарын жеткізді.