БИЫЛ ҚЫЗЫЛОРДАДА АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
2016 жылы Қызылорда облысының орталығында ауқымды спорттық нысандар құрылысы жүргізіледі. Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұл мәлімдеді.
Көп ұзамай 3000 орынға арналған жабық футбол алаңы, Илья Ильин атындағы ауыр атлетика кешені ашылады. Байдарка мен каноэде ескек есу сияқты спорт түрлерін дамыту жалғасады. Әл-Фараби шағын ауданында 320 орындық спорттық-сауықтыру кешені, басқа да спорттық құрылымдар салынады. Брифингте Сыр спортшыларының жетістіктері туралы да айтылды.
- Спортқа енді қадам басса да өз-өздерін көрсете білген жастар пайда болды. Болашақта олар облыстың ғана емес, бүкіл елдің мақтанышына айналады деп сенеміз, - деді Асылжан Жаманқұл.
Биыл бұқаралық спортқа үлкен басымдық беріледі. Бөлім басшысының айтуынша, халық арасында дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны артып келеді.
- Өткен жылы президенттік тестке 77 мыңнан астам адам тартылды. 56 қалалық, 66 облыстық жарыс, 31 оқу-жаттығу жиыны өткізілді, - деді Асылжан Жаманқұл.
Назерке САНИЯЗОВА