2015 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫ 2014 ЖЫЛҒЫ ЖЕЛТОҚСАНМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА 10,9%-ҒА ӨСТІ
2015 жылғы желтоқсанда 2014 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 19,8%, балық және теңіз өнімдеріне – 19,5%, май және тоң майға – 18,5%, жемістер мен көкөністерге – 17,3%, кофе, шай және какаоға – 16,9%-ға, тоқаш және ұн өнімдеріне, кондитерлік өнімдерге – 15,2%-дан, нанға – 14,4%, алкогольді ішімдіктерге – 12,6%, макарон өнімдеріне – 10,2%, жармаларға – 9,5%, ұнға – 8,2%, сүт өнімдеріне – 6,4%-ға өсті.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 2,9%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 8%, шошқа етіне – 2,5%, сиыр етіне – 2,1%, қой етіне – 0,6%, жылқы етіне – 0,5%-ға жоғары болды, ал құс етіне – 0,9%-ға төмен болды.
Ескерту: тамақ өнімдерінің бағасын тіркеу меншіктің барлық нысанындағы сауда кәсіпорындарының іріктеме желісі бойынша және Қазақстанның ірі қалаларындағы қалалық базарларда жүзеге асырылады. Республика бойынша орташа баға деңгейі Астана, Алматы, Семей, Жезқазған қалалары, облыс орталықтары және аудандардың іріктелген шеңберінің баға деңгейінен салмақталған шамасы ретінде анықталады.